Геннадий Герасимович Зубков

Геннадий Герасимович Зубков (1940-2021) – суретші, Владимир Стерлиговтың шәкірті.

Рустам Халфин Ленинградта оқыған кезде Геннадий Зубковтың жетекшілігімен Стерлигов жүйесі бойынша жұмыс істеген. 1968 жылы Геннадий Зубков А.И. Герцен ат. Ленинградтық педагогикалық институттың көркемсурет және графика факультетін бітірген. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын, 1963 жылы тағдыршешті оқиға болған – Зубков Ресейдегі ең ірі авангард суретші, Казимир Малевичтің шәкірті В.В. Стерлиговпен танысып, әрі 1973 жылға дейін оның жетекшілігімен шығармашылықпен айналысқан.

1969 жылы ол «бөлшектелген кеңістік» атты жаңа пластикалық күйді ашып, оны одан әрі дамытады. 1977 жылы «қоршаған геометриядан» – «пішінді пішін жасайды» деген қорытынды жасайды. 1986 жылдан бастап өмірінің соңына дейін дерлік жас суретшілерді оқытқан. 1995 жылы «ПІШІН+ТҮС» эксперименттік көркемдік-зерттеу тобын құрды. 1998 жылы «17 СӘУІР» атты көркемдік бірлестікті құрған. Ресей Суретшілер Одағының, IFA, «Еркін мәдениет» серіктестігінің мүшесі.

Геннадий Зубковтың туындылары – бұл құбылмалы ғалам, әрі ол түрлі-түсті әлемдер мен кеңістіктерді салыстыру, байланыстыру, өзара сіңісуіне құрылған. Суретші бейнелеген заттар мен формалар ерекше жарық пен түс құрылымына ие болып, жалпы алғанда күрделі, дегенмен ерекше үйлесімді хоралда таза, мөлдір дауысты болып естіледі. Бұл, тіпті, заттар да емес, заттардың «идеялары», олардың мінсіз және өзіндік сипатқа ие бейнелері. Көзбен қабылдау шегінен өтіп барып, суретші, ал оның артынан көрермен де көркем әлем құрылысының құпияларына, ормандар мен таулар, монастырь мұнаралары мен күн сәулелері, ішті құмыралар мен теңіз қабыршақтарының сиқырлы өмірінің киелі кеңістігіне енеді. Адамдардың бет-әлпетінде аспан жарығының жарқырауы қатып қалған, ал ағаштар бадам тәрізді жүздерімен аспанға қарай созылады.

Суретші жұмыстары әлемнің көптеген өнер мұражайлары мен галереяларының коллекцияларында бар.

Вам исполнилось 18 лет?