Рустам Халфин Қазақстан және Орталық Азия өнерінің дамуына зор үлес қосқан, ол енді «орауы ашылып жатқан» және алдағы уақытта жылдар бойы ашыла беретін, қазіргі заманғы өнерде көрініс тауып, әрі болашаққа әсер ететін орасан зор шығармашылық мұра қалдырған.
Суретшінің жұмыстарымен танысу, оның мұрағатын тамашалау, сонымен қатар суретшінің шығармашылық жолын сайтымыздан көруге болады. Кеңейтілген іздеу мен хэштегтер арқылы іздеу, жұмыстары мен жобаларын көру үшін шығармашылық кезеңдерді таңдау мүмкіндігі, бірегей фотосуреттер, хаттар, суреттер және т.б. – осының барлығын да мына жерден табуға болады.
Рустам Халфин көзі тірісінде танылған өнер қайраткері, әрі оның шығармашылығы біздер үшін дарынды суретші мұрасының жаңа қырларын паш ете отырып, өз өмірін жалғастырып келеді.
Негізгі көрмелер:
1981: Төртеудің көрмесі. Лидия Блинова және Рустам Халфиннің пәтері, Алматы, Қазақстан (мамыр)
1983: 1+1+1+1. Сәулетшілер одағы, Алматы, Қазақстан
1985: Рустам Халфин: Кескіндеме (жеке). Т. Н. Глебованың шеберханасы, Ленинград
1986: Пішін қалыптастырудың үш әдісі. Нәзипа Еженованың пәтері, Алматы, Қазақстан
1986: Бейресми өнер көрмесі. ҚазКСР ММ Көркемсурет көрмелері дирекциясының Орталық көрме залы, Алматы, Қазақстан
1987: Ленинград суретшілерінің көрмесі. Охтадағы РСФСР СО көрме залы, Ленинград
1987: Республикалық күзгі көрме. ҚазКСР СО, Алматы, Қазақстан
1988: В.В. Стерлигов, оның шәкірттері мен ізбасарлары. Ленинград облысының мұражайлар бірлестігінің дирекциясы. Ленинград
1989: Өнер орталығы. ҚазКСР ММ Көркемсурет көрмелері дирекциясының Орталық көрме залы, Алматы, Қазақстан
1989: Қиылыс. ҚазКСР ММ Көркемсурет көрмелері дирекциясының Орталық көрме залы, Алматы, Қазақстан
1990: Стерлигов тобы. Қала тарихының мұражайы, Ленинград
1991: Кеңестік көркем сурет көрмесі. Time Art галереясы, Аделаида, Аустралия
1991: 7+1. РСФСР СО Архангельск бөлімшесінің Көрме залы, Архангельск
1991: Стерлигов тобы. Юсупов сарайы, Санкт-Петербор
1991: Заманауи суретшілердің Малевичке арнауы. МТГ, Мәскеу
1992: Суретшілер кварталы. ҚазКСР ММ Көркемсурет көрмелері дирекциясының Орталық көрме залы, Алматы, Қазақстан
1992: Арт-Контакт. «Манеж» ОКЗ, Санкт-Петербор
1992: Медведка-Кротоножка: 1-ші Халықаралық суретшілер симпозиумы. Ханево ауылы, Мәскеу облысы
1992: АРТ-МИФ-92 жәрмеңкесі («Шығыс галереясының» экспозициясы), "Манеж" ОКЗ, Мәскеу
1992: Малевичке қарай. Каренин галереясы, Вена, Аустрия
1993: «Тәңірі-Ұмай» галереясы коллекциясының көрмесі. Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ, Алматы, Қазақстан
1994: Қол және көз (жеке). «Студия-20» галереясы, Заманауи өнер орталығы, Мәскеу
1994: Санкт-Петербор биенналесі. «Манеж» ОКЗ, Санкт-Петербор; «Царскосельская коллекция» мұражайы, Пушкин
1995: Галереялар шеруі-95 («Ескендір» галереясының экспозициясы). Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ, Алматы, Қазақстан
1995: Эротика және астрология. «Ұласу Арт» галереясы, Алматы, Қазақстан
1996: Жеке жинақтардағы өнер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайы, Алматы, Қазақстан
1996: Л. Б. құрметіне (жеке). Галереялар шеруі-96 («Рух» галереясының экспозициясы). Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ, Алматы
1996: Пошташының әні. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бизнес клубы, Алматы, Қазақстан
1996: Қаһардың күзгі қылығы. Л.Блинованы еске алу. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бизнес клубы, Алматы, Қазақстан, 27.09.1996
1997: Рустам Халфиннің көркем суреті және Георгий Трякин-Бухаровтың мүсіні. «Азия-Арт» Галереясы, Алматы
1997: Форма арқылы («ХХ ғасырдан ХХІ ғасырға» фестивалі аясында). Өнер мұражайы, Самара
1997: Галереялар шеруі-97 («Азия Арт» галереясының экспозициясы). Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ, Алматы/«Суретшінің терісі» жобасы (ақпан-наурыз)
1997: Арт-дискурс. Ассы-Түрген обсерваториясы, Іле/«Жалқау жоба»
1997: Адам құқықтары: Terra incognita. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бизнес клубы, Алматы, Қазақстан
1997: Адам құқықтары: екінші тыныс. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бизнес клубы, Алматы, Қазақстан
1998: Шекараны ұғыну. Галереялар шеруі («Азия Арт» галереясының экспозициясы). ). Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ, Алматы/«Үлкен әйнек» жобасы (наурыз-сәуір)
1998: Өзін-өзі сәйкестендіру: футурологиялық болжамдар. СЗӨО Алғашқы Жылдық көрмесі. «Мәскеу» дүкені, Алматы, Қазақстан
1998: Ұшатын ақ. Өнер мұражайы, Қарағанды
1998: Жалқау жоба-2. Самара облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Самара (6 мамыр)
1999-2000: Нөлдік деңгей. Саз жобасы. LOOK галереясы, Алматы
1999: Экстремалды дефиле. LOOK галереясы, Алматы (наурыз, «Дизайн мода» агенттігімен бірлесіп жасалған жоба)
1999: Шығыс-Батыс. Шекаралық кездесу. Ширяево а., Самара облысы
1999: Жеке жинақтардағы алматылық андерграунд. LOOK галереясы, Алматы, Қазақстан
1999: LOOK галереясының тұсаукесері. Рустам Халфиннің туған күні. LOOK галереясы, Алматы, Қазақстан
1999: Арт-Манеж: Еуразиялық аймақ. «Манеж» ОКЗ, Мәскеу
2000: Арт Мәскеу-2000. Суретшінің орталық үйі, Мәскеу, 16.05–21.05.2000
2001: Media City 7 халықаралық кинофестивалі. Виндзор, Канада, 14.02-17.02.2001
2001: Орталық Азиядан келген жаңа түсімдер. Джейн Ворхис Зиммерли өнер мұражайы, Нью-Брансвик
2001: Ішкі Азия. «Тәңірі-Ұмай» Галереясы, Алматы, Қазақстан
2001: Communications between the Arts. Валенсиядағы бірінші биеннале
2002: Жібек жолынан тыс. No mad's land: Орталық Азияның заманауи өнері. Әлемдік мәдениеттер үйі, Берлин
2002: «Түгендеу» СЗӨО бейне-арт-фестивалі. Неміс театры, Алматы, Қазақстан
2002: Re-orientation. АСС галереясы, Веймар
2002: «Тәңірі-Ұмай» халықаралық өнер фестивалі, Алматы, Қазақстан 2003: Солтүстік көшпенділер (жеке). Қазіргі заманғы өнер орталығы, Вильнюс
2003: Live emergency, Ular Gallery, Алматы, Қазақстан
2004: ...және басқалар. Ғ. Әйтиев ат. Ұлттық өнер мұражайы, Бішкек
2005: Төңірек. "Вояджер" галереясы, Қаңтар
2005: Рустам Халфин: Ретроспективті көрме (жеке). Тәңірі-Ұмай галереясы, Алматы, Қазақстан, 28.02-26.03.2005
2005: Орталық Азия өнері: өзекті мұрағат. Орталық Азия елдерінің павильоны. 51-ші Венециандық биеннале, 11.06.2005 бастап (кураторы – Виктор Мизиано)
2005: Қимыл: дамудағы визуалды кітапхана. Македония заманауи өнер мұражайы, Салоники; Quarter-Centro Produzione Arte, Флоренция, 22.07-18.09.2005; 6.10–13.11.2005
2006: Орталық Азия өнері: өзекті мұрағат. Спиридонов үйі, Мәскеу; Уяздовски сарайы, Варшава, қазан айының соңы – 15.11.2006
2006: Баррель.kz. Сорос заманауи өнер орталығы, Алматы
2007: Полярлықтың парадоксы: Орталық Азияның заманауи өнері. Bose Pacia галереясы, Нью-Йорк. 12.01–17.02.2007
2007: Рустам Халфин. Intim – In Time (жеке). СЗӨО, Алматы, 15.03.-12.04.2007 (кураторы - Дастан Қожахметов)
2007: Рустам Халфин Ретроспектива: Махаббат бәйгесі (жеке). White Space Gallery, London. 3.10–10.11.2007
2007: Жанды кино – кескіннің оралуы: Орталық Азиядан алынған бейне. Филадельфия өнер мұражайы, Филадельфия 15.11.2007–16.02.2008
2008: Мен «ордалар» туралы армандаймын: жаңа Орталық Азия бейнесі. Винкельман галереясы, Нью-Йорк. 20.03–19.04.2008
2008: Жібек коды: заманауи өнер көрмесі. Рэдиссон Сас қонақ үйі, Астана. 12–14.06.2008
2008: В. Стерлигов және оның ізбасарлары. Санкт-Петербор – Алматы. Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ, Алматы, Қазақстан, 17.09.2008 бастап
2008: Толеранттық үйі. Окси, Алматы, Қазақстан
2009: Климаттың өзгеруі. WUK – Kunsthalle Exnergasse, Вена, 26.11–19.12.2009
2009: Ешқайдан шығысқа қарай: посткеңестік Азияның заманауи өнері. Fondazione 107, Турин. 29.05–27.09.2009
2010: Американың бірінші қабаты. Den frie көрме залы, Копенгаген. 3.07-8.08.2010
2010: Шыңдағы жалғыздық. Жалпы Еуропа #6. Рустам Халфин және Алмагүл Меңлібаева (жеке). MuKHA мұражайы, Антверпен. 16.07–29.08.2010
2010: Қарсыласу меланхолиясы: Антверпен заманауи өнер мұражайының коллекциясынан алынған туындылар. Znaki Czasu қазіргі заманғы өнер орталығы, Торунь. 6.11.2020–20.02.2011
2011: Аспан мен жер арасында: Орталық Азияның заманауи өнері. Calvert 22, Лондон, 14.09 – 13.11.2011
2011: Өткен мен болашақ арасында: Өзектілік археологиясы. Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ, Алматы, Қазақстан
2012: Қалыңдықтың жүзі. PERMM заманауи өнер мұражайы, Пермь, 6.06–19.08.2012
2013: Көпір. Қазіргі заманғы өнер мұражайы, 25.05-20.10.2013
2014: Оба жылының күнделігі. Континентальды қорқыныш. Аралдар, елестер, бүлікшілер. Arco өнер орталығы, Сеул, 31.08–16.11.2014
2015: Оба жылының күнделігі. Kadist өнер қоры, Сан-Франциско. 1.04–10.05.2015
2016: Рустам Халфиннің Еуразиялық утопиясы (бейне көрсетілім). МЗӨО, Мәскеу. 30.09.2016
2016: Шұғыл әңгімелер: Афина – Антверпен. Ұлттық заманауи өнер мұражайы – EMST, Афина. 31.10.2016–5.02.2017
2018: Бұрышта: қала, орын, адамдар. «Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Алматы. 15.09–4.11.2018
2018: Фокус – Қазақстан: постномадтық сана. Ваппинг гидравликалық электр станциясы, Лондон. 18.09–16.10.2018
2018: В. Стерлигов мектебі: Санкт-Петербор – Алматы. Kazarian Art Center, Алматы, Қазақстан, 7.10.2018 бастап (кураторы – Мақпал Мусина)
2018: Еуразиялық утопия: постскриптум. IPark өнер мұражайы, Сувон, Оңтүстік Корея, 27.11.2018-3.3.2019
2019: Л.Б. құрметіне: Лидия Блинова мен Рустам Халфин туындылары, Алматы, Қазақстан. 30.10–15.12.2019
2020: Рустам Халфин. Айнасыз автопортрет. Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы, Алматы, Қазақстан. 17.07.2020
2020: Кеме жүзіп барады. Aspen Gallery, Алматы. 2.12.2020–17.01.2021
2020: Қол және көз. Tselinny Temporary, Алматы, 25.12.2020 – 28.02.2021
Марапаттары:
1974 – Алматы қ. Республика алаңындағы үйлерді жобалауға қатысқаны үшін Жас сәулетшілер шығармашылығының бүкілодақтық байқауының дипломы. Мәскеу, Ресей.
1999 – «Өзін-өзі сәйкестендіру: футурологиялық болжамдар» СЗӨО Алғашқы Жылдық көрмесінің Халықаралық Қазылар алқасының үшінші премиясы (Г. Трякин-Бухаров және Л. Тұрғанбаевамен бірлесіп), Алматы, Қазақстан.
Рустам Халфиннің жұмыстарын келесі мұражайлардан табуға болады:
- Мемлекеттік Третьяков галереясы (Ресей),
- Мемлекеттік Шығыс мұражайы (Ресей),
- Zimmerly-нонконформистік өнер мұражайы, Нью-Джерси (АҚШ),
- M HKA қазіргі заманғы өнер мұражайы (Бельгия),
- Ә. Қастеев ат. Мемлекеттік өнер мұражайы, Алматы (Қазақстан),
- Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы, Астана (Қазақстан),
сондай-ақ басқа мұражайлар мен жеке коллекцияларда бар.
Рустам Халфиннің кейбір жұмыстары жоғалып кеткен, оларды мына сілтеме арқылы көруге болады.