Пулота

Рустам Халфин мұрасының маңызды бөлігі - Пулота (бос қуыстық + толықтық) - жұдырықтың ішінде қысылған саусақтардың арасындағы қарапайым пластикалық нысан. Бұл Өнердің үстеме элементі деп аталатын түрі (К. Малевич бойынша).

Малевичтің ізбасары - Стерлиговтың шәкірті болған Халфин ұдайы осындай ізденістерді жүргізіп, нәтижесінде Пулоталар пайда болады. Л. Блинованың суреттеуіне сәйкес: Қолды қысқан кезде ішінде қарапайым пластикалық нысан – пулота пайда болады. Орындалған пулота қарапайым мүсін ретінде ұсынылады. Іші бос қалағанда ол қарапайым оптикалық құрал, көру өрісін бөлшектеу құралы бола алады.

Рустам Халфин пулотаны қазақтың дәстүрлі әрі дәмді тағамы — құрт жасау кезіндегі алақанның пішінімен салыстыратын. Оның түсінігіндегі пулота тактильділікті, яғни, көшпенділер санасының негізгі тұжырымдамасын қамтыған.

Александр Бренер «Өлтірілген суретшілердің өмірі» кітабында былай деп еске алады:

"Бір күні таңертең Рустам қолды қысқанда қарапайым пластикалық нысан - пулота пайда болатынын байқады. Пулота – бұл көзқарасқа байланысты бос қуыстық әрі толықтық. Пулота – жартылай түйілген жұдырықтың ішіндегі кеңістік. Балалар әлемге осындай тесік арқылы қарай алады. Саз балшықпен немесе пластилинмен толтырылған пулота қарапайым мүсін ретінде көрініс табады. Бос, толтырмасыз болғанда, ол керемет оптикалық құрал, көру өрісін бөлшектеу құралы бола алады. Пулотаның нобайы көркем сурет құрылысында ойдан шығарылған жақтау ретінде қызмет етеді – сонымен бірге көркем бейне, әрі кейіпкер.

Сурет салумен айналысатын суретші үшін екі шынайылық бар. Біріншісі – өз денесінің, жұмысқа атсалысатын қолы, көзінің шындығы. Бұл дене шындығының үзінділері міндетті түрде суретке түседі. Пулотаның көмегімен Халфин дене-оптикалық элементпен өзінше, ерекше түрде жұмыс істеуді үйренді. Екінші шындық – ежелгі және жаңашыл көркемдік пішіндер, құрылымдар мен геометриялар — жанды суретті жасау үшін қажетті тарихи материал. Сондай-ақ пулота Халфинге суреттер және кенептерді бейнелер мен мағыналарға толтыруға мүмкіндік берді. Браво!" 

Вам исполнилось 18 лет?