Пайдаланушы келісімі

Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – «Пайдаланушы келісімі») https://look-gallery.com домендік атауында орналасқан Look Gallery Рустам Халфиннің кеңістігі Сайтының Әкімшілігі мен Look Gallery Рустам Халфиннің кеңістігі сайтында комментарийлерді қалдыру мен материалдарды пайдалану бойынша Сайтқа (төменде белгіленгендей) кірген Look Gallery Рустам Халфиннің кеңістігі сайтының пайдаланушылары арасындағы қатынастарды реттейді.

https://look-gallery.com домендік атауында орналасқан Look Gallery Рустам Халфиннің кеңістігі сайтын (бұдан әрі – «Сайт»).  пайдалануды бастамас бұрын осы Келісім мен ережелерді мұқият оқып шығуды сұраймыз Сіз осы Сайтқа кіргенде, Сайттың мазмұны мен ұсынылған кез келген сервистерді (қызметтерді) пайдалана отырып, Пайдаланушы келісімінің шарттары мен ережелерін сақтауға міндеттісіз. Егер сіз Келісімнің шарттары және ережелерімен келіспесеңіз, онда сайтты пайдалана алмайсыз немесе оның мазмұны, ұсынылған кез келген қызметтерді пайдалана алмайсыз, сондай-ақ сайттың домендік аймағында орналастырылған беттерге кіре алмайсыз.

1. Жалпы ережелер

1.1. Сайт жалпыға қолжетімді ақпараттық ресурс болып келеді және қызметін Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

1.2. Сайтты пайдалануға байланысты қатынастар Ресей Федерациясының заңнамасы және осы Пайдаланушы келісімімен реттеледі.

1.3. Пайдаланушы келісімі жария оферта болып келеді. Сайтқа кіріп, Сайтты пайдаланып бастағаннан кейін пайдаланушы Пайдаланушы келісіміне автоматты түрде қосылады және оның шарттарын толықтай қабылдайды.

1.4. Пайдаланушы келісімінің өзекті редакциясы мына мекенжайда орналастырылған: https://look-gallery.com/agreement.

1.5. Сайт әкімшілігі кез келген уақытта Пайдаланушы келісімін өз қалауы бойынша өзгерте алады.

1.6. Егер пайдаланушы Пайдаланушы Келісімімен немесе оның жеке шарттарымен келіспесе, ол сайтты және оның кез келген материалдарын пайдалануын тоқтатуға міндетті.

2. Авторлық құқық

2.1. Сайт, оның атауы, Cайтта орналастырылған мақалалар мен өзге де туындыларға (фотосуреттерді қоспағанда) деген айрықша авторлық құқық Сайт әкімшілігіне тиесілі.

2.2. Сайт әкімшілігі Сайтта орналастырылған фотосуреттердің бір бөлігі еркін пайдалану үшін ашық көздерден алынғанын және Сайт әкімшілігі тарапынан тек ақпараттық, коммерциялық емес мақсаттарда пайдаланатынын растайды.

2.3. Сайттағы мақалаларды, сондай-ақ кез келген басқа да материалдарды кез келген түрде пайдалану, соның ішінде оларды кез келген тәсілмен көрсету және тарату, көпшілік назарына жеткізу, көшіру (толық және ішінара), аудару, қайта өңдеуге құқық иесінің (Сайт әкімшілігінің) келісімінсіз тыйым салынады.

2.4. Мақалалардан дәйексөз алу Пайдаланушы келісімінің 2.5. тармағында көрсетілген шарттарды сақталған жағдайда ғана мүмкін.

2.5. Сайттан алынған кез келген мақаланы Ғаламторда пайдаланған кезде іздеу жүйелерінің индекстеуінен жабық болмайтын мақалаға белсенді сілтеме түрінде бастапқы дереккөзге (Ресей Федерациясының АК-нің 1274-бабының 1 тармағының 1 тармақшасы) сілтеме жасау керек. Сайттың мақалаларын баспасөз басылымдарында пайдалану кезінде міндетті түрде Сайтқа сілтеме жасау қажет.

3. Авторлық құқықты бұзуға байланысты дауларды реттеу

3.1. Сайт әкімшілігі жарияланатын материалдарға байланысты авторлық құқықтың бұзылуына қарсы және Сайттағы осындай бұзушылықтардың алдын алу үшін өз тарапынан барлық күш-жігерін салады.

3.2. Егер Сіз, тарату, көпшілікке көрсету, көпшіліктің назарына жеткізуге айрықша құқығын алғанда, айрықша құқықтардың авторы немесе авторлық құқық иесі болсаңыз, әрі Сайтты пайдалану арқылы Сіздің құқықтарыңыз қандай да бір жолмен бұзылды деп санасаңыз, онда Сайт әкімшілігіне электрондық пошта арқылы бірден хабарласуыңызды сұраймыз. 

3.3. Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сайт әкімшілігі кез келген даулы мәселелерді сотқа дейінгі (шағым немесе басқа) реттеу тәртібі аясында қарастыруға дайын.

3.4. Ол үшін info@look-gallery.com электрондық поштасына төмендегідей деректер көрсетілген құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілінің қолы қойылған хаттың сканерін жіберу керек:

— авторлық құқық нысаны туралы ақпарат (туындының немесе өнімнің атауы, сурет және т.б. меншік құқығын немесе авторлық құқықты растайтын құжат);

— Құқық иеленуші туралы ақпарат (заңды тұлға үшін – ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың сканері; жеке тұлға үшін – аты-жөні, төлқұжат деректері);

- хатқа қол қойған Құқық иеленушінің өкілі туралы ақпарат (аты-жөні, лауазымы, сенімхаттың сканері, бас директор үшін – тағайындау туралы бұйрық/хаттама сканері);

- Құқық иесіне тиесілі материалдар орналасқан Сайт бетінің мекенжайы (сілтеме келесідей болуы керек https://look-gallery.com/XXXXX );

- құқықтарды бұзудың мәнін сипаттау (неліктен Құқық иесі бұл ақпаратты таратуға тыйым салады);

— күні, қолы;

— байланыс деректері: телефон, e-mail.

3.5. Сайт әкімшілігі өтінішті 10 (он) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарастырады. Егер Сайт әкімшілігі өтінішті дәлелді деп таныған жағдайда тиісті материалдар Сайттан бірден жойылады.

3.6. Сайт әкімшілігі өзінің авторлық құқығының бұзылғанын, соның ішінде сот тәртібімен қудалайды.

3.7. Егер сіз Сайтта орналасқан кез келген нысанды пайдаланғыңыз келсе, келісім алу үшін Сайт әкімшілігімен info@look-gallery.com электрондық пошта арқылы байланысуға міндеттісіз. Әйтпесе Сайтта орналасқан кез келген нысанды, соның ішінде суреттер, фотосуреттерді пайдалану заңсыз болып келеді және Сайт әкімшілігі дауды сотқа дейінгі реттеу аясында немесе сотқа шағымдану құқығына ие. 

4. Басқа ережелер

4.1. Пайдаланушы Сайттағы ақпаратты пайдалануға байланысты әрекеттері үшін үшінші тұлғалар алдында дербес жауап береді.

4.2. Пайдаланушы Сайттағы мақалалардың жарнамамен бірге жүретініне келіседі. Сайт әкімшілігі мұндай жарнамаға байланысты өзіне ешқандай жауапкершілік артпайды және ешқандай міндеттемелерді алмайды.

4.3. Пайдаланушыға Сайттың қалыпты жұмысын бұзуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады.

4.4. Пайдаланушыға Сайтқа сілтемелер орналастырылған сыртқы сайттарға кіргені және пайдаланғаны үшін Сайт әкімшілігі жауап бермейтіні ескертіледі.

Осы келісіммен және Ережелермен келіспеген жағдайда Сіздің сайттың мүмкіндіктерін пайдалану және https://look-gallery.com домендік атау аймағында орналасқан беттерге кіруге құқығыңыз жоқ, біздің сайттан дереу шығып кетуіңізді сұраймыз. 

Вам исполнилось 18 лет?