Рустам Халфин ХХ ғасырдың Орталық Азия өнеріндегі ең маңызды тұлғалардың бірі болып келеді. Ол көркем сурет, фотосурет техникасында жұмыс істеген, алғашқылардың бірі болып перформанс, инсталляция және бейне-арт өнерімен айналыса бастаған және өңірдің өнер қауымдастығына үлкен ықпал жасаған суретші. Модернистік түсініктегі көшпенділер эстетикасының тұжырымдамасын жасап шығарған. 1999 жылы өзінің LOOK галереясын ашқан еді.
Оның туындылары Мемлекеттік Третьяков галереясында (Ресей), Нью-Джерсидегі (АҚШ) Zimmerly-нонконформистік өнер мұражайында, MuHKA қазіргі заманғы өнер мұражайында (Бельгия), Алматыдағы Ә. Қастеев ат. Мемлекеттік өнер мұражайында, Астанадағы Қазақстанның Ұлттық мұражайында, сондай-ақ басқа да мұражайлар мен жеке коллекцияларда сақталған.
Суретші туралы
Лидия Блинова мен Рустам Халфиннің дуэті қазақстандық қазіргі заманғы арт-сахнаның қалыптасуында маңызды рөл
атқарған. Олар тек ерлі-зайыптылар ғана емес, сондай-ақ өнердегі серіктестер еді, негізінен сәулет, көркем
сурет, мүсін, перформанс секілді бірнеше бағыттың қиылысындағы бірлескен концептуалды жобаларды жасаған.
Халфин Блинованы өзінің «альтер эгосы» деп атаған.
Суретшімен оның әйелі әрі музасы, достары, күллі әлемдегі серіктестері мен пікірлестерінің өмірбаяндары арқылы таныса отырыңыздар Барлығын қарау
Рустам Халфин мұрасының қоры – жеке мәдени ұйым, әрі оның миссиясы Қазақстанның аумағында, сол секілді елден тыс жерлерде де суретшінің көркемдік, мәдени және зияткерлік шығармашылығын ілгерілету, көтермелеу, түсіндіру, қорғау және құнттап ұстау.
Қорға өтуРустам Халфиннің шығармашылығына арналған YouTube арна замандастары, ізбасарлары және өнердің дамуына қосқан үлесін қадірлеушілерінен алынған сұхбаттар арқылы суретшінің өмір жолы, өміріндегі оқиғалары мен оның қалдырған мәдени мұрасы туралы баяндайды.
Арнаға өту
Сізде мұрағатқа кірмеген жұмыстар, фотосуреттер немесе сайтта орналастырылған ақпаратқа байланысты түсініктемелеріңіз бар ма?
Онда электрондық мекенжайымызға жазыңыз info@look-gallery.com