В. Стерлигов мектебі: Санкт-Петербор – Алматы

Kazarian Art Center, Алматы

2018

«В. Стерлигов мектебі: Санкт-Петербор – Алматы» көрмесі 2018 жылдың 7 қазанында Kazarian Art Center орталығында ашылған, әрі «Мәдениеттер диалогы» АКҰ бастамасымен және «Тұран-Экспресс» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған.

Экспозицияда көркем суретте өзіндік кеңістіктік жүйені жасап шығарған және суретшілердің кейінгі буындарына айтарлықтай ықпал еткен орыс авангардының жарқын өкілі – Владимир Васильевич Стерлиговтың (1904–1973) шәкірттері мен ізбасарларының шығармашылығы ұсынылды.

Көрме Рустам Халфинді еске алуға арналған және осыдан 10 жыл бұрын Ә. Қастеев ат. ҰӨМ ұсынылған жобаның жалғасы іспетті, алайда бұл жолы – кеңейтілген құрамда болған. Геннадий Зубков және Александр Ророкиннен басқа, көрмеге Рустам Халфин етене араласқан және жақын дос болған Санкт-Петербордан келген Стерлигов ізбасарлары: Алексей Гостинцев, Александр Носов, Елена Гриценко атсалысты. Көрмеде Халфиннің туындыларын, сондай-ақ оның досы, стерлиговтықтар қатарына жататын Архангельскіден келген суретші Юрий Гобановтың (1941–2016) жұмыстарын да көруге болатын еді. Сонымен бірге Алматыға В.В. Стерлигов мұрасының сақтаушысы, мәскеулік өнертанушы Ирина Стерлигова да келді.

Жоба бастамашысы – «Мәдениеттер диалогы» АКҰ, кураторы – Мақпал Мусина, Бас демеушісі – «Тұран-экспресс» компаниясы. Көрмені Тәңірі-Ұмай галереясы, «Тұран» университеті, RUAN баспасы, Art Eurasia Foundation Мәдениетті қолдау қоры, Kazarian Art Center қолдау көрсеткен.

Вернисаж 2018 жылдың 7 қазанында болған, көрме 2018 жылдың 14 қазанына дейін жалғасты.

Көрме жұмыстары мен фотосуреттерін сайтымыздан мына сілтеме бойынша көруге болады