Георгий Трякин-Бухаров (1943 ж.т.), Қазақстан мүсіншісі, Қазақстандағы заманауи өнердің негізін қалаушылардың бірі, Рустам Халфиннің досы және серігі болған.
1961 жылы Георгий Трякин-Бухаров Алматыға көшіп, қазіргі уақытта сол қалада тұрып, жұмыс істейді.
Георгий Рустам Халфинмен 1989 жылы «Қиылыс» көрмесінде кездескен, содан бері олардың жолдары үнемі қиылысатын. Георгий Трякин-Бухаровтың мүсіндері Рустам Халфиннің "LOOK" гелереясында ұсынылған.
Трякин-Бухаров қоқыстан жиналған бірегей инсталляцияларды жасайды. Өз жұмыстарына арналған материалдарды Георгий қоқыс тастайтын жерлерден табады немесе ескі-құсқы базарлардан сатып алады. Содан кейін шеберханасы болып саналатын үйінде қоқыс біртума инсталляцияға айналады.
Суретші Қазақстанның заманауи өнер көрмелеріне атсалысады. Қоқыстан жасалған туындылар шетелде де сұранысқа ие – инсталляциялар Түркия, Сингапур және АҚШ галереяларында ұсынылған. «Алтын қима» деп аталатын шедевр «Сотбис» аукционында сатылған еді.