«Look» галереясының тұсаукесері

"Look" галереясы, Алматы, Қазақстан

1999

«Look» галереясының құрылуы – кенет болған оқиға емес. Осы атаумен галереяны ашу идеясы бұрыннан пайда болған. 1993 жылы Алматыда Сәулетшілер одағында Лидия Блинова мен Анна Химмельстранд өткізген алғашқы қойылымдардың бірі көп мағыналы пияз (лук) тақырыбына негізделген еді. Олар пияздың иісі аңқитын суретті салып, әрі «стереоснифер» атты арнайы құрылғыны жасаған, осылайша әртүрлі жерде тұрып, картинаны бір уақытта иіскеу мүмкіндігі болған. Көзден жас шығаратын өткір иіс пиязға байланысты көптеген ассоциациялардың бірі болып келеді. 

1988-1999 жж. жүзеге асырылған «Саз жобасы» бірегей кеңістікті құрып, қазір ол «Look» галереясының алаңына айналып отыр.

Пияз көптеген мағыналарды береді. Оның көпқабаттылығының өзі көп мағыналылық, пияз немесе ежелгі көшпенділердің қаруы – садақты сипаттайтын қисықсызықты кеңістікті еске салады. Садақ, пияз – барынша қарапайым және ассоциативті көпмағыналы. Қарапайым тамаққа қолданудан бастап, оның иісі салдарынан көзден жас ағызатынына дейін, православие храмдар күмбездерінің пияз тәрізді пішініне дейін және одан әрі киіз үйдің тұрмыстық күмбезі мен көшпенділер әлемінің аталмыш қисыққа сәйкес келуі. Оның қабаттары бір уақытта ұқсас және әртүрлі екен. Ассоциациялар кеңістігі ұсақ бөлшектерге дейін жекеше болып келеді. Жоба «көрермен – суретші» ортақ кеңістігін құру үшін дәл осы бөлшектерді талап етеді. «Look» – ағылшын тілінде 'көру, қарау'. Көрнекі проекция, сәуле, бір мезеттік шындықты ұсынып, оны экранға қабаттастырып шығарып, бейнежазбаға айналдырады да, шындықты иллюзия кеңістігіне өзгертеді. Шынайылық өзгермелі фазаға ауысып, өндіріледі және шағылысады, өнерден тыс ортаға айналады.

Сөз бұл естуге дайын әрбір адам үшін өзінің ассоциацияларын ашатын тек кілт қана.

Жобаға қатысқандар: Рустам Халфин, Ольга Коломыцева, Юлия Тихонова, Гүлсім Әмір, Оксана Абрамова, Ахат Индершиев, Нұрлан Әбдіхалықов, Георгий Трякин-Бухаров