Саз балшық жобасы

"Look" галереясы, Алматы, Қазақстан

1999

Нөлдік деңгей. Саз балшық жобасы

Бұл жоба біздерді «жаратылыс күндеріне», алғашқы пластикаға қайтарады.

Суретшілердің әрбір жаңа буыны нөлден бастайды, ажырату, өткенді қайта бағалау, бәрін қайта құру, "бос жерде" інжіл Құдайы сияқты жаратқысы келеді, ex nihilo, жоқтан бар жасауды.

Бұл әрдайым бастапқы есептеу нүктесі, нөлдік деңгей, координаттардың басталуы.

Қол саз балшықты қысқан кезде, қарапайым пластикалық нысан - "пулотаны" (жұдырықтағы бос қуыстық) жасайды.

Бұл субъективті нысанда қарапайым қимыл мен алғашқы материя кездеседі.

Алақанға қысылған бір уыс дән, қазақтарда, ежелгі түріктердегідей, "Құт" деп аталады - рақым, өмірлік күш, рух, шынайы болмыстың күйі. Құт пен пулота - пластикалық синонимдер - бұл нөлдік деңгей.

Еркін қалыпта жатқан және кеңістіктік қабық болып саналатын 18 метрлік адамның фигурасы жертөле бөлмелерінің қабырғаларымен жеке фрагменттерге кесілген. Әрбір бөлмеге біртүрлі нысан енеді, әрі ол кеңістіктің кодын өзгертіп, қайта зарядтайды. Бір жағдайда ол экспозиция нысандары - кітап қоймасы, көрермендер ложасы, қойларға арналған пана ретінде қызмет етеді. Басқа жағдайда ол экспозициялық кеңістіктің көлеміне дейін өседі де, бұл жерде көрермендер көркемдік үдерістің қатысушысы болып, өз-өзіне қарап отырады. Арал түріндегі оң тізе мен екі қол бірінші қабатқа шығады, ал суреттер, фотосуреттер және жібекке басылғандармен бірге олар 90-шы жылдардың соңындағы өнердің "Нөлдік деңгейінің" нұсқасын құрастырады.

Бөлшектелген саз кейіпкерінің пішіні - қазіргі әлемдегі адамдардың, атап айтқанда, өнер қауымдастығымыздың бөлінуінің метафорасы. Ол бірігуге, қазіргі заманғы өнердегі жағдайды ұғыну және халықаралық мәдени қоғамдастыққа Қазақстанды ұсына алатын стратегияны жасап шығаруға шақырады.

Бұл фигура тактильділік призмасы арқылы тәнді мәселеге қарауға мүмкіндік береді.

Қолөнеріміздің негіздеріне оралсақ, біз авангардизм мен идеологиядан алшақтап, аса жақын планды қосу арқылы, дене үстінің қисықтығын сезінумен бірге әлемді тактильді түрде қабылдауын жандандырамыз.

«Көшпенділердің кеңістігі визуалды емес, тактильді болып келеді, ол жеке кездесулердің оқиғаларымен айқындалып, бөтенсу мұзын ерітуге тырысады және қоршаған орта сипатына ие.

БӘРІ ДЕ МЕНІҢ АЙНАЛАМДА».

БЕТКЕ ерекше мән беріледі, «.. БАРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР БІР НӘРСЕНІҢ БЕТІНДЕ, мембранада, теріде болып жатады."(Ж. Делез).

ДЕНЕНІҢ ҮСТІ – бұл ТІЛЕКТЕР ЛАНДШАФТЫ.

Бұл тақырыпқа арналған ер адам мен әйел арасындағы жыныстық қатынас еден және төбеде орнатылған екі экранда көрсетілетін аттас қос бейнефильм бар. Көрермен осы өте тактильді, жарылғыш аймақтағы құштарлықтар ағынындағы қатысушылар арасында болады.

Авторлық ұжым: Рустам Халфин, Георгий Трякин-Бухаров, Роман Долгушин, Ренат Қосай, Локтева Яна, Нарымбетов Ескендір, Омарова Гүлшат, Рахымжан Рустем.

Жоба "Заманауи көркемдік үдерістегі жаңа технологиялар мен өнердің жаңа түрлері" атты Алматы СЗӨО байқауының грантына жүзеге асырылған.

Жобаның авторлары жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткендері үшін: Джорж Зарубин мырзаға, доктор Чанг Бэнгке, Валерия Ибраева ханымға, Наталья Мелехина ханымға, Ильдар Дивеев мырзаға, Андреас Ульрих мырзаға, Ричард Спунер мырзаға алғыс білдіреді.

Рустам Халфин

Тактильді назар аймағында

Суретшілер Рустам Халфин мен Георгий Трякин-Бухаровтың жетекшілігімен жасалған нағыз өнер жобасы біздерді кеңістікті қабылдаудың көшпелі тәжірибесіне сілтейді, оның анализі француз постмодерн философтары Жил Делез бен Феликс Гваттаридің "Номадология туралы трактат" (1980) деген атпен белгілі жұмысында ұсынылған тәжірибеге сілтеме жасайды. Көшпелі кеңістік туралы айтатын болсақ, осы жұмыстың авторлары бұл "минималды қашықтық кеңістігі", "жеке байланыс оқиғаларының кеңістігі", "кеңістік визуалды емес, тактильді" екендігін көрсетеді. Дегенмен француз теоретиктерінің анализіне қарамастан, суретшілер тактильді кеңістікті игерудегі нақты тәжірибелерін көрнекі түрде көрсетуге шешім қабылдайды.

Бұл тәжірибеге өзіндік ерекшелікті бірқатар композициялық шешімдермен байланысты бірнеше маңызды сәттер беріп отыр: біріншіден, 18 метрлік алып антропоморфты фигура, ол ішінара саз қабатымен жабылған қуыс қабық.

Бұл Фигура жертөле бөлмесінде орналасқан, оның қабырғалары мен төбесі фигураны бірқатар жеке фрагменттерге бөлетін жазықтық ретінде көрсетіледі. Екіншіден, бірінші қабаттың едені аймақтарға бөлінген және тактильді түрде игерілген, бұл нөлдік деңгей, яғни, орталықтан периферияға көшпелі қозғалыс ырғағын белгілейтін "детерриториализация кеңістігі". Бұл жерде бізді, көрермендерді оның қалыптасуындағы әлемге тікелей жақындататын сезімталдық стратегиясы туралы сөз қозғалады. Нөлдік деңгейде тұрғызылған екі қол, біреуі пулотаны (қарапайым пластикалық зат), екіншісі қарапайым оптикалық құрал ретінде көрсетілген түтік секілді бөгілген, айналасында оптикалық иллюзияға бағынбайтын арнайы тактильді ырғақтарды жасайды. Олардың айналасында тактильді қатысу аурасын құрайтын бұл қолдар әлемді қабылдаудың бастапқы матрицаларын білдіретін иероглифтердің бір түрі. Үшінші элемент - бұл еркек пен әйел арасындағы жыныстық қатынас көріністерін бейнелейтін бейнефильм. Бұл бейнефильмде ракурстың маңызы ерекше зор: авторлар бейнекамераның ойынсеріктердің көру аппаратына енгізілгендей етіп ойластырғандықтан, барлық көріністер жақын қашықтықтан түсірілгені соншалық, тіпті, бейнекамераның объективінде субъективті көздің бар деген әсер пайда болады. Осы фильмді көрсететін екі экранның арасында болған кезде көрермен әрекетке тартылады. Осы үш элементтің барлығы бір-бірімен байланысты және көрермендерге тәнді ландшафттың беті ретінде, бір топостан екіншісіне еркін ағып жатқан дүние ретінде көрсету үшін бағытталған. Заттардың барлық ішкі және сыртқы көкжиектері тәннің бетіне жазылған. Бұл адамның дене тәжірибесінің бұзылуына жол бермейді.

Жалпы экспозициялық кеңістік МЕН дегеніміздің интегралды схемасы сана емес, ол дене, оның дөңестігі, ойыс тұстары, қалаудың қисық сызықты органикасы деп ойлайтындығын тәнді көрсетеді. Мәселен, кейіпкер фигурасының елек тәрізді құрылымы - бұл ұжымдық дененің өзіндік метафорасы, ол жан-жақты және қарқынды құштарлық ойынына енгізілген.

Сонымен қатар фигура тапшылықпен емес, парадоксалды түрде бір жазықтықта ирониялық бас тартумен, қалаусыздық, әрекетсіздікпен байланысты құлшыныстың үнемделуін білдіреді. Нөлдік деңгей, өз кезегінде, құштарлықтың ең негізгі қасиеттерінің бірі ретіндегі байланыстың кең аумағын белгілеуге арналған.

Тұтастай алғанда бұл жоба суретшінің шындықтың үстінде, шындықтың астында, шындықтан тыс болуға деген ұмтылысының шетіне ығыстырылған өнер қозғалысының сызықтарын паш етеді, осылайша дискурсивті-күрделі симуляциялық және ризоматикалық мағыналарды қалыптастырады.

Бүгінде өнер бұрынғыдан да алғашқы бастауларға, яғни, өнер мен қолөнерді ғана емес, сонымен қатар айлакерлік, тапқырлық, сезімталдық, ақыл мен сезімнің нәзіктігін білдіретін "techne" деп аталатын күйге оралуға тырысады.

Жіңішке және тапқыр болу үшін сіз жұқа мембрананың бетінде, нөлдік деңгейде болуыңыз керек, нақты заттардың жанасуына сезімтал келетін мембрананың өзі болуыңыз керек.

Сезімталдық саласын тактильді кеңістікке редукциялай отырып, осы жоба шынайылықпен, оның сіңіріп алған өнермен тығыз қарым-қатынас пішіндеріне шақырады. Кезінде соншалықты алыс болып көрінген нәрсе өзінің толықтығымен жақын бола түседі.

Жанат Баймұхаметов

Көрме жұмыстары мен фотосуреттерін сайтымыздан мына сілтеме бойынша көруге болады.