«Рустам Халфин. Айнасыз автопортрет»

Ә. Қастеев ат. Мемлекеттік өнер мұражайы. Алматы

2020

Ә. Қастеев ат. ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы «Тәңірі-Ұмай» заманауи өнер галереясымен бірлесіп, «Рустам Халфин. Айнасыз автопортрет» атты ONLINE көрмесін ұсынды.

Экспозиция Халфиннің 1980-ші ж.ж. бастап 2008 ж. дейінгі шығармашылық өмірбаянының әртүрлі кезеңдерін қамтиды. Туындылардың басым бөлігі суретшімен өмірінің соңғы жылдарында белсенді жұмыс істеген «Тәңірі-Ұмай» галереясында ұсынылған.

Экспозицияны «Стерлигов кезеңінің» туындылары ашады, олар 1971 жылы Халфинге ерекше әсер қалдырған орыс авангардының соңғы өкілдерінің бірі – Владимир Стерлиговпен танысудан кейін салынған еді. Малевичтің шәкірті Стерлигов көркем суретте жеке жүйе – табақша-күмбезді жүйені жасап шығарған, оның негізінде «екі әлемің жанды жанасуын» байланыстыратын қисық арқылы кенеп кеңістігін ұйымдастыру әдісі жатыр. Мұнда түс пен фон, абстракция мен фигуративтілік арасындағы шекара жойылады. Табақша-күмбезді жүйенің ықпалымен салынған көркем сурет – бұл таза эксперимент, мұндағы пейзаж кеңістігі нысана-орта, кеңістік және түсті бақылауға арналған жазыққа айналады. Бұл жерде үстіңгі және астыңғы жақтары орын ауыстыруға ұмтылып, салмақсыздыққа ие болған заттар өз тығыздығынан айырылады. Халфин мұнда салмақты әрі шебер көркем суретші ретінде танылады, әрі оған даңғыл жолмен жүру жеткіліксіз – ол Малевич пен Стерлиговтың идеяларын дамытады. 

Халфиннің көркем суреттегі зерттеу жұмысы оны алдыңғы дәуірлердің кескіндемедегі ерекше жетістіктерді саралауға итермеледі – оның жұмыстарында Матисс, Сезанн, Малевич, Веласкестің туындыларына деген сілтемелер көрініп тұрады. Веласкестің «Мениналарына» сілтейтін екі реплика табақша-күмбезді жүйенің қисық сызықты құрылымдарымен түрлендірілген таныс сюжетті көрсетеді – көркем суреттегі таза кеңістіктік эксперимент. Таңдалған материалдарға қарамастан, Халфин туындыларында қарама-қайшылықтардың бірлігі байқалады: пішін-антипішін, бүтіндік-фрагмент, көрінетін-сезілетін, ішкі-сыртқы, қуыстық-толыққандық.

Экспозицияда «Суретшінің терісі» атты жобаның (1997) бірнеше инсталляциясы ұсынылған – бұл Халфин және оның серіктестері тарапынан әртүрлі, яғни, «жыл сайын түлейтін» материалдардан жасалған, әрі суретші жанының нәзіктігін бейнелейтін артефактілер сериясы. Көркемдік емес материалдар қолданылған көркем туындылардың авторлық интерпретациясы айырықша визуалды пікірлерді тудырады. Ақ қабырға аясындағы «ақпа» сұлбалар да қызықты – мұндағы адам фигурасының заттанған денелік бос қуыстар да, өз алдына, Рустам Халфиннің автопортреттері. Автор осылайша көшпенділер мәдениетінің тактилдік сезімдерін зерделеген – киіз басу, құрт жасау, саз балшық илеу. Ол «пулота» терминін енгізген – бұл түйілген жұдырық ішіндегі қуыстық пен толықтықтың парадоксалды қосындысы, тактилді кеңістіктің пластикалық нысаны, әрі осыдан айналадағы әлем мен өз тәніңнің ландшафттарын игеру басталады. Көрмедегі пулоталар көркем сурет түрінде де, гипсті үлгілерде де, қабырғадағы жазықтық нысандар түрінде де кездеседі – бұл Халфин шығармашылығының есейген кезеңінің таза пішіндері. Соның бірі «Лиданың құрметіне» деп аталған және Лида Блинованың шағын мүсінінің үлкейтілген цитатасы болып келеді, ол – суретшінің жұбайы және альтер-эгосы, әрі Халфиннің шығармашылық қалыптасуында үлкен рөл атқарған адам (суретші жұбайынан 12 жыл ұзақ өмір сүрген).

Көрме жұмыстары мен фотосуреттерін сайтымыздан мына сілтеме бойынша көруге болады.