Ваппинг гидравликалық электр станциясы, Лондон
2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы Лондонда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық мұражайының «Фокус Қазақстан» ауқымды жобасының алғашқы көрмесі өтті. Іс-шара туралы «Қазақпарат» ХАА primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
«Көшпеліден кейінгі көкжиек» көрмесіне 33 суретші қатысқан, олар постмодернизмнің заманауи тілін қолдана отырып, әртүрлі көркемдік медиада жұмыс істеген. Бұл жерде көркем сурет, фотосурет, мүсін, инсталляция және бейне қолданылған.
Көрме Қазақстанның қазіргі заманғы өнерін заманауи суретшілер мен олардың кеңестік ізашарлары арасындағы диалог түрінде қарастырған, әрі олар постномадизм ұғымын көркемдік тәжірибелері арқылы бейнелеген.
Көрменің кураторлары Индира Дүйсебаева және Әлия де Тизенгаузен әлемдік ағымдар негізінде қазақстандық өнер тарихындағы жағдайды, сонымен қатар жаһандану тұрғысынан қазақстандық әлеумет сипатын қарастыруды ұсынған.
Көрме кеңістігінде суретшілердің кеңестік кезеңнің ізашарларымен параллельді диалогтары, сонымен қатар біртіндеп кеңестік санадан арылудың талдауы өтіп жатты.
Кураторлары: Индира Дүйсебаева-Зиябек, Әлия де Тизенгаузен, куратор-ассистент Әлима Боранбаева және кеңес беруші Ольга Сова.
Әлия де Тизенгаузен атап көрсеткендей, кеңестік кезең көшпелі өмір салтының түбегейлі жойылуына әкеліп, әрі қазіргі жаһандану дәуірі әлі де сақталып қалған көшпенділік нышандары – дәстүрі мен мәдениетіне ықпалын тигізіп келеді.
«Постномадизм» ұғымы Қазақстанмен байланыстырылатын, кеңес дәуіріндегі суретшілер де, қазіргі замандастары да белсене қолданатын көшпенділер дәуірін білдіреді, «Көшпеліден кейінгі сана» көрменің ағылшын тіліндегі атауының сөзбе-сөз аудармасы. Бұл мағынасында «сана» сөзі біздің елмен байланыстырылатын визуалды таптаурындықтан арылып, суретшілердің еңбектерін өткен мен болашақты санада да, санадан тыс та қайта пысықтау ретінде талдауға деген құштарлықты айқындайды», — деді Ә. де Тизенгаузен.
Көрме кураторларының айтуынша, ұсынылған жұмыстар суретшілердің көрерменнің алдына қойып отырған сол көрермен национализм, традиционализм, консюмеризм, феминизм, постколониализм және постномадизм субъектісі немесе объектісі ретінде атқаратын түрлі рөлдері туралы сұрақтары болып келеді.
Рустам Халфиннің көрмеде ұсынылған бірқатар жұмысын сайтымыздан мына сілтеме бойынша көруге болады.