«Галереялар шеруі-95», «Ескендір» галереясының тұсаукесері

Ә. Қастеев ат. Мемлекеттік өнер мұражайы, Алматы, Қазақстан

1995

Ақ қабырғада еркін ілінген, алайда суретшінің 500х800 өлшеміне тапқан ырғақта (басқа өлшемдер болуы да мүмкін) елесті силуэттердің 7 түрлі нысандары ұсынылған. Олардың ішіндегі ең ұзыны (24х492) ұшатын табақшаның профиліне ұқсас келетін көкжиектің өзіндік сызығы іспетті (суретшінің басқаша атағаны—субұрқақтың саңылауы), оның үстінде дене мен ауа (қуыстық) шекараларының жанасуынан пайда болған алты пішін орналасқан. Олардың арасында пулота орналасқан, суретші оны бірнеше рет әртүрлі композицияларда қолданған. Пулота (суретшінің бос және толықтық сөздерінен жасалған неологизмі) түтік сияқты бүгілген қолдың көмегімен пайда болатын тесікті білдіреді.

Бұл нысандар суретшінің өзін шәкірті деп санайтын Стерлиговтың жүйесіне байланысты көптеген жылдар бойы көркем суретте жасаған "пішін-антипішін" түйткіліне деген құштарлығынан туындаған. Материалды толтырмаға ие бос қуыстарды әдейі қарға немесе дымқыл құмға құлаған әрбір бала жасап көрген. Нысандарды жүзеге асыруда балалардың тентектігі мен суретшінің бақылаулары біріккен.  

 

«Денелік қуыстар» нысандары

Фанера, терең қара гуашь.

24х492 см, 154х60 см, 122х19 см, 74x71 см, 60x67,5 см, 56x111 см, 22x25 см