Орталық Азия елдерінің павильоны
2005
Кураторы: Виктор МИЗИАНО. Комиссары: Чурек ДЖАМГЕРЧИНОВА.
Ұйымдастырушысы: Кұрама Арт галереясы (Бішкек, Қырғызстан) www.kurama-art.com
"Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан өнері, бәлкім, жаһандық көркем картасында әзірге айқын көрінбей тұрған соңғы аумақ болар. Нағыз көрме – бұл Венециандық биенале тарихындағы Орталық Азия елдерінің алғашқы павильоны – осы лакунаны толтырудың тағы бір талпынысы.
Осы талпыныстың негізділігі тек аталмыш елдердің өзіндік ерекшелігі – мәдени және тарихи, не болмаса олардың этникалық және көркемдік өзгешелігімен алдын ала анықталмаған. Бұл аймаққа деген қызығушылық, ең алдымен, кеңестік модернизация субъектілерінің бірі бола тұрып, Орталық Азия жаһандық тәртіптің қатысушысы болғанымен дәлелді. Ал өнерде, орыс авангардының көркемдік реформасына атсалыса отырып, Орталық Азия суретшілері төлтума мәнмәтінді, қазіргі заманғы көркем дискурсқа деген өзіндік көзқарас перспективасын жасай алды.
Венецияда тұңғыш рет ұсынылған осы аймақтық мәнмәтін әртүрлі суретшілер, әртүрлі буындар, әртүрлі этностар, әртүрлі мәдени орталықтар, ақыры әртүрлі елдердің диалектикалық жиынтығы ретінде ұсынылған. Бұл мәнмәтінді оның соңғы көкейкесті дегенге ұмтылған мәлімдемелер ретінде емес, жеке және ұжымдық тәжірибенің диалектикалық жиынтығы, әсіресе, посткеңестік жылдардың тәжірибесі ретінде ұсынудың мәні зор. Өйткені осы тәжірибеден соңғы қорытындылар әлі де шығарылмаған, ол жауабы табылмайтын сұрақтарды тудыратын жанды субстанция болып қала беруде. Сондықтан осыдан көп жыл бұрын қойылған сұрақтар, әрі ұсынылған жауаптар да күні бүгінге дейін өз өзектілігін сақтап келеді. Орталық Азия өнерінің мұрағаты – бұл Өзекті мұрағат.
Сәйкестікті іздеу – Орталық Азияның көркемдік сахнасының үн қатқан өзекті дәуірдегі мәселелердің алғашқысы, себебі мұндағы елдер саяси егемендікке жуырда ғана ие болған. Инсталляция, ал содан кейін бейнежазба түріндегі мифтік-поэтикалық нарратив әртүрлі буындарға жататын суретшілер тарапынан – алматылық сахнаның негізін қалаушы және патриархы Рустам Халфиннен бастап, оның жас ізбасары Алмагүл Меңлібаеваға дейін белсенді қолданыла бастаған. Әртүрлі суретшілердің (Рустам Халфин, Қанат Ибрагимов, Ербосын Мелдібеков, «Қызыл трактор» тобы және т.б.) күш-жігерінің арқасында ол перформанс түрінде, ал Шаарбек Аманқұлдың бастамасымен – кіршіксіз табиғат аясында жасалған ауқымды стационарлық жұмыстар түрінде көрініс тапқан. Ұлттық-этникалық архетиптерге жүгіне отырып, дала, номадизм, сопылық дәстүр, құрбандық, бақсылық салт-жоралар және т.б. сілтеме жасап, бұл нарратив шынайылыққа қоятын талаптарынан бас тартты және конструкт негізінде ұсынылған – құрылып, бірден жойылады. Осылайша Вячеслав Ахуновтың авторлық мифі кеңестік үгіт-насихат белгілері – лениндік мүсіндерден жасалған пирамидаларды да, сол секілді батыстық тұтынушылық белгілері – сорлы Кока-Кола жарнамаларын да қамтиды. Өз кезегінде Саид Атабековтің байырғы бақсылығы осы заманнан кейінгі сарындары – Калашников автоматы немесе көпірдегі полиция сұлбаларын қамтиды.
Дегенмен ұлттық миф – бұл суретшілердің ғана емес, сонымен қатар жаңа саяси биліктің конструкты, әрі осыған қатысты суретшілер (мысалы, Виктор мен Елена Воробьевтар жұмыстары) бөлекше анализ бен деконструкция позициясын ұстанады. Сондай-ақ суретшілер (Сергей Масловтың жұмыстары) жаңа саяси мифологияның сырт жағы – аман қалудың шынайылығы. Ал аман қалудың ұлттық сәйкестілігі болмайды, ол әмбебап дүние. Әрі осы әмбебаптыққа деген ашықтығында, Мұрат Жұмалиев пен Гүлнар Касмалиева сендіретіндей, – посткеңестік драмалық тәжірибенің парадоксалды позитивтілігі жатыр.
Алайда Орталық Азия суретшілерінің әмбебап бастауды қабылдауы тура ұлттық сәйкестілік секілді бірмәнді емес. Міне, Орталық Азияның Өзекті өнер мұрағатынан табуға болатын кейбір есімдер мен құбылыстар..."
Виктор Мизиано
Көрме жұмыстары мен фотосуреттерін сайтымыздан мына сілтеме бойынша көруге болады