Рустам Халфин. Intim – In Time (жеке)

CЗӨО, Алматы

2007

2007 жылдың 15 наурыз күні сағат 18.30 Сорос – Алматы заманауи өнер орталығында Рустам Халфиннің “Іntim — In Time” атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. Көрме 2007 жылдың 12 сәуіріне дейін жалғасты.  

Көрмеде Рустам Халфиннің ауыр аурудан кейін салған жаңа жұмыстары ұсынылған. Бұл — суретшінің тәубеге келуі. Бұл — тыныштықтың паш етілген ішкі кеңістігі, шығармашылық адамның тыныш, сырлы өмірінің берекелі дүниесі.

"Айнасыз автопортреттер" ерекше көңіл-күйге бөлейді. Мұндағы сурет салу техникасына ерекше әуен тән, әрі ол көшпелі тактилдік Ғалам бойынша либидоның Сцилласы мен қиялдың шығармашылық күшінің Харибдасы арасында қозғалып келе жатқан суретшінің ішкі толғанысын елестетеді. 

Халфиннің “Лиданың құрметіне” атты шұбар ала жартылай сфералық жұмысы марқұм әйелі суретші Лидия Блинованың 1989 жылы өзі орындаған шағын мүсінінің үлкейтілген цитатасы болып келеді.

Шығармашылық төлтума артефакті ретінде суретші алақанының “пулотасы” деп аталатын, пластикалық нысан, яғни, суретшінің түйілген жұдырығының қуысы түрінде бейнеленген кірпіштердің тұтас бір сериясы ұсынылады. “Пулота” — бұл адамның эстетикалық тұрғыдан айналадағы әлемді меңгеруі басталатын, сол адамға ең жақын тактилді кеңістікті белгілеуге болатын қандай да бір белгі. 

“Алтын әйел-құдай” — бұл тән әлемі мен суретшінің қиялындағы әлем арасындағы драмалық түйіндесуі бар көркемдік жаратылыстың қайнар көзі ретіндегі әйел табиғатына нұсқайтын өзіндік метафора. Бұл картина жаңа колористикалық түрлендірмелерге арналған ашықтық белгісі, өйткені “алтын” болғанға дейін әйел-құдай, автордың қалауы бойынша, бапшыл түрде кезек-кезек біресе қара, біресе көк, біресе ақ киім киген, бәлкім, бұл әлдебір алхимиялық сценарий бойынша болған.

Рустам Халфиннің жұмыстары – бұл ортақ мәдени сәйкестілігімізді тұжырымдаудың тағы бір бірегей талпынысы.  

Жанат Баймұхаметов философ, арт-сыншы

Дастан Қожахметов, көрме кураторы

Көрме жұмыстары мен фотосуреттерін сайтымыздан мына сілтеме бойынша көруге болады