Қазіргі заманғы өнер теориясы мен практикасы бойынша «Арт-дискурс-97» семинары Тянь-Шань обсерваториясы, Алматы қ. маңы
1997
Жалаңаш жас жігіт атқа мініп, оның үстіндегі дымқыл саздың үлкен бөлігіне отырады да, алаңды айналып өтеді. Нәтижесінде із пайда болады – «табиғи ертоқымның» өзіндік бір түрі.
Мінез-құлықтың табиғилығына және қарапайым прагматиканы іздеуге үйрететін табиғатпен ажырамас байланыста болатын көшпенді, номад туралы түсінікті жаңартуға деген парадоксалды талпыныс. Қалай болғанда да суретші болмысты «модельдеудің» дәл осындай тапқыр тәсілін ұсынады – өз іздерін қалдыру, содан кейін табиғаттан мәдениетке қарай табиғилық жолмен оларды зерттеу және артынан еру.
Ат, салт атты, саз балшық.
Жоба қатысушылары: Жанат Баймұхаметов, Георгий Трякин-Бухаров, Рустам Халфин.